Әскери бөлімдер мен десанттық-шабуылдау күштері кеше кешкісін оқу-жаттығу белгісін алып, дайындық жағдайына келтірілді.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы тапсырмасымен Қорғаныс министрлігі әскерді дабыл белгісімен, тосыннан аяғынан тік тұрғызды, деп жазады zakon.kz.
"Оңтүстік" аймақтық қолбасшылығының әскери бөлімдері мен десанттық-шабуылдау күштері кеше кешкісін оқу-жаттығу белгісін алып, дайындық жағдайына келтірілді.
Шымкент пен Сарыөзектегі бөлімшелер бірнеше жүз шақырымдық қашықтықта Жамбыл облысындағы "Матыбұлақ" полигонына лақтырылады.
Әскерлердің орналасуы аралас тәсілмен жүзеге асырылады: жауынгерлік машиналар, авиация, ауыр бронды техника теміржол және автомобиль жолдары арқылы тасымалданады.
Белгіленген орынға келіп жеткен бөлімшелер өздеріне жүктелген міндетке сай әскери-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға көшуі керек.