Қазақстанда ата-аналарды ДДСҰ бағдарламасы бойынша оқыту басталды

0
449

Оқу курсына материалдарды бейімдеу, жаттықтырушыларды даярлау, мамандар мен ата-аналарды оқыту кіреді.


Қазақстанда ата-аналарды ДДСҰ бағдарламасы бойынша оқыту басталды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып, СST бағдарламасы бойынша дамуында ерекшелігі бар балаларға күтім жасау дағдыларына ата-аналарды оқыту үшін жаттықтырушыларды даярлауды бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомомтвоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте 14 адамнан тұратын болашақ жаттықтырушылардың бірінші тобын оқыту 19-23 шілде аралығында өтеді. Қажетті білім мен дағдыларды игергеннен кейін, олар 56 баламен отбасыларымен қоса айналысады.

Оқу курсына материалдарды бейімдеу, жаттықтырушыларды даярлау, мамандар мен ата-аналарды оқыту кіреді. Сондай-ақ дамуында кідірісі бар, оның ішінде аутистік спектрдің бұзылуы байқалатын 2-9 жастағы балаларды күтіп-бағумен айналысады.

Курс мақсаты - ата-ана мен баланың оңтайлы өзара іс-қимылын дамыту, олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бейімделу дағдыларын дамыту. Мұнымен қатар, жоба жүйкеге салмақ түсетін кездерді басқару дағдыларын дамытуды көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, CST (CaregiverSkillsTrainingforFamiliesofchildrenwithdevelopmentaldisoders) – бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ата-аналарға дамуы кеш немесе дамуы артта қалған балаларға күтім жасау дағдыларын үйретуге арналған бағдарламасы.

Онда мінез-құлықты қолданбалы талдау, даму туралы ғылым, әлеуметтік коммуникация іс-шаралары, оң тәрбие және өзіне-өзі қызмет көрсету әдістері қағидаттары қолданылады.

Сонымен қатар, нақты жағдайда не істеу керек, жақын болашақта қандай міндеттер межелеген абзал сияқты ересек тарап пен баланың өзара әрекеттесуінің қадамдық стратегиялары бар.