Қазақстанда аурудың жаңа түрі тіркелуі мүмкін

0
479

Депутат бүгінде оңалту орталықтары ойынға тәуелді науқастарды лицензиясыз емдейтінін де қосты.


Қазақстанда аурудың жаңа түрі тіркелуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстандық депутат Елнұр Бейсенбаев лудоманияны ресми ауру түрі ретінде тіркеуді ұсынды, деп жазады stan.kz.

Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев айтқандай, құмарлықтың бұл түрін ауру ретінде қарастыру керек.

"Заң жобасы аясында біз тұжырымдамалық аппаратқа, жалпы денсаулыққа қатысты барлық заңдарға "ойынға тәуелділік" сияқты ұғымды енгізгіміз келеді. Бұл ресми түрде ауру түрлерінің қатарына енеді", – деді Бейсенбаев Мәжіліс сыртында.

Депутат бүгінде оңалту орталықтары ойынға тәуелді науқастарды лицензиясыз емдейтінін де қосты. Бұл қызмет те заңмен реттелуі керек.