Қаулыға сәйкес гранттар санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі.
ERNUR.KZ. Үкіметтің қаулысына сәйкес ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға бакалавриат немесе магистратураға берілетін берілетін білім гранты мен оқу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп жазады stan.kz.
Қаулыға сәйкес гранттар санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі.
"Ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының осы топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 35 %-ына конкурс ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ғана өткізіледі", – делінген Үкіметтің 2023 жылғы 23 қаңтардағы қаулысында.
Бұрынғы қаулыда гранттардың 30%-ы конкурс негізде тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізілілген еді.