Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
ERNUR.KZ. ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті, деп жазады tengrinews.kz.
Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар мынадай:
- Астана - 76 теңге;
- Алматы - 81 теңге;
- Шымкент - 64 теңге;
- Алматы облысы, СҚО - 81 теңге;
- Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары - 54 теңге;
- Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары - 76 теңге;
- Жамбыл облысы - 71 теңге;
- Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары - 64 теңге;
- Павлодар облысы - 74 теңге.
- Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары - 76 теңге.
Әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан артық) баға лимиті 5 теңгеге жоғары болады.