Қазақстанда автосақтандыру саласында делдалдар азаяды

0
2 179

Қазақстанда сақтандыру саласында делдалдардың санын азайту жоспарланып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қазақстанда автосақтандыру саласында делдалдар азаяды

Қазақстанда сақтандыру саласында делдалдардың санын азайту жоспарланып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Банктерде бұрыннан онлайн қызметтер енгізіліп, сәтті түрде қолданылуда. Сақтандыру заңнамасының ерекшелігіне байланысты, бұл салада онлайн қызмет көрсету тиісті деңгейде дамымаған. Қазақстанда алыс өңірлерде және ауыл аймақтарында қаржылық қызметтердің қолжетімділігі әрқашан маңызды. Сақтандырудан өзге, тіпті банктік өнімдерге қол жеткізе алмай жатқан тұрғындар туралы мысалдар өте көп. Қаржылық институттарды аймақтарда филиалдар арқылы кеңейту әр кезде мүмкін бола бермейді. Банктер және сақтандыру компаниялары жеке институттар бола отырып, өз шығандарын оңтайландырады. Сондықтан да, сұраныс пен табыстылық жеткіліксіз болса олар өңірлерде өз филиалдарының санын азайтады. Сондықтан, сақтандыруды цифрландыру ең оңтайлы шешім болып табылады. Бұл азаматтарымызға сақтандыру қызметтерінің географиясын кеңейтіп, барлық әрекеттерді тездетеді», - деді ҰБ басшысы. Осы орайда Ақышев цифрландыру, телекоммуникациялармен және интернетпен қамту барлық салаларда жүріп жатқандықтан, бұл қадамдар оңтайлы нәтиже беретінін атап өтті. Халық және кәсіпорындар келісімшарттарды сақтандыру компанияларының кеңсесіне бармастан және агенттерге жүгінбей интернет арқылы жасай алады. «Заң жобасы мақұлданса, өңірлердегі тұрғындар сақтандыру полисін алу үшін облыс орталығына немесе делдалдарға бармайды. Делдалдардың болмауы болашақта сақтандыру құнын төмендетеді. Дамыған елдерде онлайн-сақтандырудың үлесі 70 пайызға жетеді. Алайда, онлайн-сақтандыру тек заңнамалық өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар үлкен жұмыс пен мемлекеттік органдардың бірлескен іс-әрекетін талап етеді. Қазірдің өзінде министрліктерде дерек қорларын интеграциялау жұмыстары тездетілген. Қадағалаушы органдарды техникалық жабдықтау да қажет болады», - деді Ұлттық банк төрағасы. Оның сөзіне қарағанда, автожүргізуші сақтандыру полисін сақтандыру компаниясының сайтынан онлайн-режімде сатып ала алады. Осыдан кейін клиент сақтандыру шартына меншіктелген бірегей нөмірді алады. «Нөмір Бірыңғай сақтандыру дерекқорымен беріледі. Барлық мәліметтер осы дерекқорда сақталатын болады. Жол полициясы Бірыңғай сақтандыру дерекқорында тәулік бойы кез келген уақытта автожүргізушіде сақтандырудың бар-жоғын тексере алады. Яғни, қағаз полисті сұрауды қажет етпейді», - деді ол.