Сондай-ақ өнімге түсті таңбалау енгізу бойынша кәсіпкерлермен жұмыс жалғасып жатыр.
ERNUR.KZ. Қазақстанда ұлттық теле-радиоарналарда зиянды тауарлардың жарнамасына уақытша шектеу енгізу мәселесі пысықталып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы депутаттардың сауалына берген жауабында вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
"Денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат министрліктері ұлттық телерадиоарналарда балалар үшін қауіпті тауарларды жарнамалауға уақытша шектеу енгізу мәселесін пысықтап жатыр", - делінген жауапта.
Сондай-ақ өнімге түсті таңбалау енгізу бойынша кәсіпкерлермен жұмыс жалғасып жатыр. Оған маңызды заттардың (тұз, қант, трансмайлар) қосылғанын ескере отырып қосымша түсті индикация енгізіледі.
Бұған қоса, денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер аясында қант қосылған сусындарға салық енгізу қарастырылуда. Заң жобасы мәжілістің қарауында жатыр.