Қазақстанда бес күннен кейін карантин жеңілдетілуі мүмкін

0
641

Карантин шараларын қатаңдату мәселесі бес күннен кейін қабылданады.


Қазақстанда бес күннен кейін карантин жеңілдетілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты қалыпта жеті күн сақталса, карантин жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады, деп жазады aikyn.kz.

«Карантин шараларын қатаңдату мәселесі бес күннен кейін қабылданады. Карантин шараларын жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткеннен кейін жеті күннен ерте енгізілмейді. Еліміздің Бас санитарлық дәрігері шектеу талаптарын жеңілдетеді немесе қатаңдатады», – деді Ержан Байтанаев.

Оның айтуынша, «жасыл», «қызыл» және «сары» аймақтардағы карантин шектеулері туралы шешімді Бас санитарлық дәрігердің қолданыстағы қаулысы негізінде өңірдегі санитарлық дәрігерлер қабылдайды.

7 маусымда Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймаққа өтті.