Қазақстанда бір жыл ішінде 29 қаржы пирамидасы жойылған

0
610

Өткен жылы осы қаржы пирмаидаларынан зардап шеккен азаматтарған 8,3 миллиард теңгенің шығыны өтелген.


Қазақстанда бір жыл ішінде 29 қаржы пирамидасы жойылған

ERNUR.KZ. Елімізде өткен жылдың өзінде 29 қаржы пирамидасы жойылған. Тіпті олардың қызметін жарнамалайтын 13 000 интернет сілтемелері мен акаунттар бұғатталып отыр, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, өткен жылы осы қаржы пирмаидаларынан зардап шеккен азаматтарған 8,3 миллиард теңгенің шығыны өтелген. Азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алу үшін олардың қызметін жарнамалайтын интернет акаунттар мен сілтемелер бұғатталып, 19 000 азаматқа ескерту жіберіліпті.

"Дегенмен, азаматтар өздеріне керемет табыс ұсынатын адамдарға сеніп, жинақтарын күмәнді схемаларға салуды жалғастыруда. Агенттік жұмыс нәтижесінде 15 000 азаматтың қауіпті аккаунтар жазылымынан бас тартуына ықпал етті", делінген ақпаратта.