Қазақстанда дағдарысқа қарсы бөлінген қаражаттың біраз бөлігі талан-таражға түскен

0
657

Аталған жайтқа байланысты 5 қылмыстық іс қозғалды.


Қазақстанда дағдарысқа қарсы бөлінген қаражаттың біраз бөлігі талан-таражға түскен

ERNUR.KZ. Елімізде дағдарыспен күресуге деп бөлінген жүздеген миллиард теңгенің бір бөлігі талан-таражға түскен. Аталған жайт аудиторлық тексерудің нәтижесінде белгілі болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мемлекеттік ішкі аудит комитетінің мамандары 700 млрд теңгенің қайда жұмсалғанын тексерген. Тиісінше, ақшаның бір бөлігі мақсатсыз жұмсалғаны анықталған.

«Аудиторлық тексерулерден кейін процесуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жалпы құны 10,5 млрд теңгені құрайтын 28 іс берілді. Олардың 5 млрд теңгесі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалған материалдар тергеу және тексеру кезеңінде», - делінген аталған ақпаратта.