Қазақстанда допинг қолданғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды

0
1 363

Допинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмайды


Қазақстанда допинг қолданғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды

ERNUR.KZ. Қазақстанда спортшылар допинг үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тұғымбаева айтты, деп жазады Tengrinews.

"Допинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмайды. Бас прокуратура былтыр біздің ұсынымызды қабыл алмай қойған болатын. Қазіргі жаңа заңнамада енді әкімшілік жауапкершілік қана қарастырылады . Яғни спорттық атағынан айыру, баспанасын қайта тартып алу, ұлттық команда құрамынан алып тастау, дисквалификациялау, ақшалай өтемақыны қайтару", - дейді Тұғымбаева.

Бірақ баспасөз хатшысы қазіргі заңнамада баспананы қайта тартып алу, ақшалай сыйақы мен спорттық атақтарды қайтару мәселесінің қарастырылмағанын айтып өтті.

"Допинг қолданғаны үшін спортшы ғана емес, мамандардың барлығы жауапкершілікке тартылады. Допинг қолдануға жол берген медициналық қызметкерлер мен бапкерлер. Сондай-ақ, спортшының 10 жыл уақыт бойы баспананы өз атына жаздыра алмайтыны айтылады. Себебі допинг сынамалары 10 жыл сақталады", - деп түсіндірді Раухан Тұғымбаева.

Бұдан бөлек допингпен ұсталған спортшының 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтіні айтылады.