​Қазақстанда ЭКҰ әдісіне 900 квота бөлінді

0
1 759

Елімізде нәтижелі экстракорпоральды ұрықтандыруға шамамен 800 мың теңге қажет.


​Қазақстанда ЭКҰ әдісіне 900 квота бөлінді

ERNUR.KZ. Биыл ел қазынасынан экстракорпоральды ұрықтандыруға 900 квота бөлінді, деп жазады «Хабар 24».

Қазақстандағы 20 000 ерлі-зайыптыға бедеулік диагнозы қойылған. Жыл сайын кезекке тұратындар саны 8 мың жұптан асады. Ал ұрықтандырудың бұл түрі қарапайым халыққа қаншалықты қолжетімді?

Елімізде нәтижелі экстракорпоральды ұрықтандыруға шамамен 800 мың теңге қажет. Бірақ бұл сома көпшіліктің қалтасына салмақ салады. Сондықтан мемлекет ұсынған квотаға иек артатындар көп.

Жасанды ұрықтандыру медициналық туризмнің дамуына негіз. Жыл сайын елімізде 13000-ға жуық арнайы бағдарлама орындалса, оның 1200-і шетелдік пациенттерге жасалады. Тың үрдіс елге енгелі 50 мемлекеттің азаматы экстракорпоральды ұрықтандыруға жүгінген. Оған бағаның қолжетімділігі ғана емес, мамандардың біліктілігі әрі ағылшын тілін жетік меңгеруі себеп. Елімізде мұндай процедура 3000 долларға бағаланса, Еуропада 3000 мен 7000 доллар аралығында. Ал АҚШ-та 20000 долларға жасалады. Профессор Вячеслав Локшиннің айтуынша, елімізде мұндай әдістің тиімділігі 28-35 процент аралығында.

Бүгінде әрбір оныншы жұп осы бедеулік салдарынан ажырасатыны белгілі. Ал жасанды ұрықтандырудың өзінде бала көтеру үшін кемінде үш бағдарламадан өту керек. Бірақ мемлекет оның біріншісін ғана қаржыландырады. Биыл бюджеттен 900 тегін квота бөлінген. Бас экстракорпоральды ұрықтандыру орталығының басшылығы барлық бағдарламаны қаржыландыру қолға алынса деген ұсыныс білдірген. Айта кетейін, қазір елімізде 20 жасанды ұрықтандыру орталығы бар.

Қазақстан банкіне алғашқы төмен байытылған уран биыл Ресей мен Қытай арқылы тасымалданады. Қазір ол Өскемендегі металлургиялық зауытта тұр. Бұл туралы халықаралық атом энергиясы агенттігінің төрағасы Корнел Ферута мәлімдеді. Айта кетейік, мұндай уран атом электр стансаларына арналған отын дайындауда шикізат ретінде пайдаланады. Бүгінде агенттік әлемдік уран нарығы үшін уран қорын жинау орнын әзірлеп отыр. Еліміздегі уран банкі 2017 жылы құрылған.

БҰҰ сарапшылары және Орталық Азия өкілдері туризмнің жол картасы мен трансшекаралық дәлізін түзбек. Ауқымды жобаны еуроодақ қаржыландырады. Үш жылда 7 мемлекетке жиыны 3,5 млн еуро бөлінеді. Оған Қазақстандағы Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе қалашығы, Ақыртас, Құлан, Қостөбе мен Өрнек елді мекендері кірген. Мамандар Ұлы Жібек жолының туристерді тартар брендке айналғанын айтады. Жалпы Орталық Азиядағы туризм деңгейі 6% артқан, бүкіләлемдік туристік ұйымы Қазақстандағы көрсеткіштің айтарлықтай екенін жеткізді.

Былтыр әлемдегі әскери шығындар 1,82 трлн доллардан асқан. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Шығынның дені Қытай мен АҚШ-та орын алды. Мұндағы өсім шамамен 5 процентке теңесіп, Америкада 649 млрд, Қытайда 250 млрд долларды құрады. Сауд Арабиясы үштікті түйіндеді. Орта және Шығыс Еуропада да айтарлықтай қаражат жұмсалған. НАТО мүшелері қорғанысқа 963 млрд долларға теңескен.

2025 жылға дейін 6,1 млн тұрғыны бар 2 мыңға жуық елді мекен «Ауыл – ел бесігі» жобасымен қамтылады. Бұл – барлық ауыл тұрғындарының 80%. Ал алдағы 3 жылда жобаларды жүзеге асыру үшін ел қазынасынан 90 млрд теңге бөлінбек. Транспорттық инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар және ТҮКШ реттелуі тиіс 52 ауылдық елді мекен таңдалып алынды. Бұл бағытта жергілікті бюджеттен 4,7 млрд теңге бөлінген. Оның көбі Атырау, Қарағанды, Ақтөбе және Алматы облыстарына тиесілі. Енді әрбір өңір арнайы «Жол картасын» әзірлеуі керек.