Ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бойынша бес аймаққа 1,6 млрд теңге бөлінді.
ERNUR.KZ. 2020 жылы республикалық бюджеттен жұмыс күші мол аймақтардан келген қоныс аударушылар үшін баспана сатып алуға 8,5 млрд теңге бөлінеді, деп жазады zakon.kz.
Қаржы министрлігінің талдау ақпаратына сәйкес, қаржыландыру екі облыс арасында бөлінетін болады. Солтүстік Қазақстан облысын жаңа мекен-жай ретінде таңдайтындар 4,8 млрд теңге алады. 3,7 млрд теңге Павлодар облысына бағытталмақ.
Бұдан басқа, ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бойынша бес аймаққа 1,6 млрд теңге бөлінді. Ең үлкен сома Павлодар облысына жіберіледі – 702,4 млн теңге. Солтүстік Қазақстан облысына 382,2 млн теңге. Сондай-ақ, Қостанай облысы 256,8 млн теңге және Шығыс Қазақстан облысы 237,1 млн теңге алады. Ең аз қаражат Ақмола облысына жоспарланған – небәрі 24 млн теңге.
Сонымен қатар, Қазақстанда еңбек нарығын дамытуға жалпы 18,3 млрд теңге бағытталады. Ең үлкен үлес Түркістан облысына тиесілі – 3,7 млрд теңге. Сондай-ақ, 8,4 млрд теңге әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысына қосымша төлем трансферттерін құрайды.
Жалпы, 2020 жылы "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 26,8 млрд теңге қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін LS 2020 жылы Қазақстанда 32,8 мың субсидияланатын жұмыс орындарын құруға 12 млрд теңге жұмсалатынын хабарлаған болатын.