Қазақстанда еңбекке қабілеттілігі мен асыраушысынан айырылғандардың төлемақысы көтеріледі

0
980

​Әлеуметтік төлем мөлшері 8,5%-ға өседі.


Қазақстанда еңбекке қабілеттілігі мен асыраушысынан айырылғандардың төлемақысы көтеріледі

ERNUR.KZ. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов "мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы" қаулыға қол қойды, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік төлем мөлшері 8,5%-ға өседі.

"2023 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдерінің мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылсын", - делінген қаулыда.

Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.