Қазақстанда ескі көліктерді қабылдау құны бекітілді

0
1 709

2019 жылы салмағы 5 тоннадан асатын ескі жүк көліктеріне 750 мың теңгенің сертификаты берілетін болады.


Қазақстанда ескі көліктерді қабылдау құны бекітілді

Иллюстрияциялық фото: ашық дереккөзінен алынды

ҚР энергетика Министрлігі ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша 2019 жылға арналған квота көлемін бекетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көліктерді ақшаға және сертификат беру бағдарламасы бойынша қабылдауға биыл 50 мың квота бөлген. Соның 25 мыңы жеңілдік сертификаты бағдарламасына бөлінсе, қалған 25 мыңы ақшалай өтемақы бағдарламасына қарастырылып отыр. Сонымен қатар, жүк көліктеріне берілетін сертификат құны биыл ұлғайтылды. Былтыр оның құны 450-650 мың теңге болса, осы жылдан бастап оның көлемі 550-ден 750 мың теңгеге дейін көтерілді. Ал жеңіл автокөлік сертификатының құны баяғы 315 теңге қалпында қалды.

Ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы 20-шы ақпанынан бастап жалғасын табады.