Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп жазады Azattyq Ruhy.
Отырыс барысында электр энергиясы мен телекоммуникация нарықтарын демонополизациялау бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсыныстары қаралды,
«Байланыс нарығын демонополизациялау жөніндегі қадамдар аясында ұялы байланыс қызметтерін көрсету саласындағы ірі операторлардың бірінің үлесін төмендету туралы ұсыныс айтылды», - деді Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
ҚР Премьер-министрі аталған шаралардың экономикаға әсерін бағалау үшін сараптамалық деңгейде айтылған тәсілдерді пысықтауды тапсырды.
Айта кетерлігі, дәл қай оператор туралы екені айтылмады.