Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейтіні белгілі болды

0
576

Қазір Қазақстанда 1762 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін қолданады.


Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейтіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстанда 16 424 шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл 1 маусымдағы жағдай бойынша статистика. Мұндай мәліметтерді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келтірді, деп жазады Stan.kz.

“Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде келесі санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарларына – 617 (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына – 3224 (екінші санат). Тартылатын жұмыс күшінің негізгі бөлігін үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттары – тиісінше 8020 және 926 адам құрайды”, – дейді ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Еңбек министрлігінің мәліметінше, маусымдық жұмысқа 1506 адам, ал корпоративтік ауысымға 2131 адам тартылған.

Қазір Қазақстанда 1762 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін қолданады. Оларда 398 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді, бұл жалпы қызметкерлер санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттары негізінен Қытайдан – 3651, Түркия – 1853, Үндістан – 1605, Ұлыбритания – 1577, Ұлыбритания – 1113 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілеп, бөледі екен.

“Мемлекет басшысының биыл қаңтар айында отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуінің қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында, ЕХӘҚМ шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке, яғни 4 792 бірлікке (16%) қысқартты” – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.