Қазақстанда кедейлікпен күресу үшін 20 сотық жерден тарату ұсынылды

0
2 278

Бұл ретте 20 сотық жерді беру - шығынды әлеуметтік бастама емес, дейді депутат.


Қазақстанда кедейлікпен күресу үшін 20 сотық жерден тарату ұсынылды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров әрбір қазақстандық отбасына үй салып, шаруашылық жүргізу үшін 20 сотық жер бөлу қажет деп есептейді. Мәжілісменнің айтуынша, бұл Қазақстанға кедейлікпен күресуге және ауқатты қоғам құру міндеттерін шешуге көмектеседі, деп жазады Tengrinews.kz.

Мәжілісмен Қазақстанның Халық Партиясының бағдарламасына әрбір қазақстандық отбасына үй салу және шаруашылық жүргізу үшін 20 сотық жер беру туралы тармақ енгізілгенін еске салды. Оның айтуынша, бастама қазақстандықтар арасында қызығушылық тудырып, қолдау тапқан, өйткені халықтың басым бөлігіне өз жерінің болуы маңызды.

"Бұл ұсыныс халық партиясының бағдарламасында кездейсоқ пайда болған жоқ. Бұл әдемі уәделе жинау үшін айтылған нәрсе емес. (...)
Қазір көптеген стратегия мен мемлекеттік бағдарламаларға қарамастан, біз қандай қоғам құрып жатқанымыз туралы түсінікті көзқарас жоқ. Өкінішке қарай, индустриалды бесжылдықта да, стратегиялық даму жоспарларында да адамдардың өмір сүру деңгейі туралы нақты нұсқаулар жоқ, ал халық кедейленіп жатыр. Қазақстандықтардың доллармен нақты табысы 2008 жылдан бері тұрақты түрде төмендеп келеді", - деді Қоңыров Мәжіліс отырысында.

Депутаттың айтуынша, таяу болашақта қазақстандықтардың табысы дамыған елдердің деңгейіне жете алмайды. Сондықтан, ол елімізде өнеркәсіп пен АӨК-ті жаңғырту бойынша үлкен дайындық жұмыстары қажет деп санайды, оған бір жылдан аса уақыт керек.

"Байлықтың тағы бір маңызды өлшемі бар - лайықты тұрғын үй, өз жерінде өз үйін салу мүмкіндігінің болуы. Бұл отбасылық және әлеуметтік материалдық әл-ауқаттың негізі.

Мәжілісте Қазақстанда тұрғын үй бағдарламалары көп қабылданғаны және оған қомақты қаражат бөлініп жатқаны тағы да сөз болды. "Бірақ орта отбасын баспанамен қамтамту бойынша мақсат қойылмайды", - деп қосты ол.

"Үйлер салынып жатыр, шаршы метрлер жалға берілуде, ал халықтың басым бөлігінің тұрғын үй жағдайы жақсарып жатқан жоқ. Қалаларда әрбір адамның 10 сотыққа құқы туралы қолданыстағы норма іске асып жатқан жоқ. Мұның себебі біреу ғана: бұл мәселені шешуге ешкім шындап тырыспады. Инфрақұрылым немесе жер тапшылығынан емес бұл. Бастамалар негізделе отырып есептелмеді, содан екінші реттік мәселе болып қалды. Оны жүзеге асыруға ешкім жауап бермейді", - деп жалғастырды депутат.

Айқын Қоңыров 20 сотық жерді бөлу "кедейлікпен күрес және Қазақстанда ауқатты қоғам құру міндетінің шешімі" ретінде қаралу керегін айтты.


"Бұл ретте 20 сотық жерді беру - шығынды әлеуметтік бастама емес. Ыңғайын тапсаң, оның прагматикалық экономикалық маңызы бар", - деп түйіндеді мәжілісмен.