Қазақстанда кейбір сауда орындары мен базарлар ерте жабылады

0
1 141

Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік сатпайтын сауда орындарының жұмыс кестесін қысқартуды ұсынды.


Қазақстанда кейбір сауда орындары мен базарлар ерте жабылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуіне байланысты ірі сауда орталықтары мен азық-түлік сатпайтын базарлардың жұмыс кестесі өзгереді. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.

"Президенттің қаулысын іске асыру мақсатында сауда және интеграция министрлігі ірі сауда орталықтарының жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қысқартуды ұсынады. Сонымен қатар, санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілуі тиіс. Ал азық-түлік тауарларын сатпайтын базарлардың жұмысы сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектелсін", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Осы орайда министрлік өкілдері сауда орталықтарында кинотеатрлар, балалар орталықтары және басқа да ойын-сауық алаңдарын жабу қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.
"Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары күнделікті режиммен жұмыс істеуге міндетті. Бірақ санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтілуі шарт. Ал нан және кондитер өнімдері тек қаптамада ғана сатылуы қажет", - дейді мамандар.