Қазір Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты тоқтап тұр. Салдарынан бензин тапшылығы пайда болды.
Елімізде кейбір жанар-жағармай құю бекеттері жабылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан жанар-жағармай қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар24.
Жанар-жағармай нарығындағы күрделі жағдайға байланысты Қазақстан жанар-жағармай қауымдастығы пікір білдірді.
Қазір Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты тоқтап тұр. Салдарынан бензин тапшылығы пайда болды. Мұны қазақстандық жанар-жағармай қауымдастығы растайды.
"Ал енді Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына кіріседі деген ақпарат бар, онда жағдай, тіптен қиындайды. Іле-шала Павлодардағы зауыт та осындай себептен өндірісін уақытша тоқтатуы мүмкін. Қазір мұнай өнімдерінің негізгі бөлігі ірі желілерге таратылып жатыр. Ал ұсақтары алып-сатарлар көмегіне жүгінуге мәжбүр. Соңғысында баға, сәйкесінше жоғары болады. Осы және өзге де себептерге байланысты еліміздегі кейбір жанармай құю бекеттері жабылуы мүмкін", - дейді қауымдастық өкілдері.