Қазақстанда халық саны 18 млн 833 мыңға жетті

0
1 357

Ең үлкен өсім еліміздің 3 өңірінде тіркелді.


Қазақстанда халық саны 18 млн 833 мыңға жетті

ERNUR.KZ. Қазақстанда халық саны 18 833,1 мың адамға жетті. Мұндай деректі Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

2020 жылғы 1 қарашада елімізде халық саны 18 833,1 мың болды.


«Оның ішінде қалалықтар – 11 109,8 мың (59%), ауылдықтар – 7 723,3 мың адам (41%). Ерлердің саны 9 136,8 мыңға жетсе, әйел саны көбірек - 9 696,3 мың», - делінген таратылған ақпаратта.


Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 240,4 мыңға немесе 1,3 пайызға өскен.

Қарастырылып отырған кезеңде ең үлкен өсім еліміздің 3 өңірінде тіркелді.

Олар - Алматы (64,8 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,9 мың адам) және Шымкент қалалары (36,4 мың адам).