Қазақстанда киік мүйізін шетелге сату жоспарланып отыр

0
695

Қазақстанда жануарлардың кейбір түрлерін, соның ішінде киіктерді экспорттауға тыйым салынған.


Қазақстанда киік мүйізін шетелге сату жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. Қазақстан киік мүйізін шетелге сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Министр киік мүйізі шығыс елдерінде, атап айтқанда Қытайда кейбір дәрілердің дәстүрлі құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Алайда оларды сыртқы нарыққа шығару әзірге мүмкін емес. Қазақстанда жануарлардың кейбір түрлерін, соның ішінде киіктерді экспорттауға тыйым салынған.

"Қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта комитет төрағасының орынбасары Женевада СИТЕС халықаралық ұйымының орталық кеңсесінде жүр, жабайы табиғат комитетінде киіктердің бөліктерін экспорттауға салынған тыйымды алып тастау мәселесін талқылау жүріп жатыр. Рұқсат алудың болжамды мерзімі – 2025 жылдың басы", - деді Нысанбаев.