Елімізде тігілген киімдердің де, шетелдік тауарлардың да бағасы біртіндеп өседі.
ERNUR.KZ. Сала мамандарының айтуынша, елімізде тігілген киімдердің де, шетелдік тауарлардың да бағасы біртіндеп өседі. Елімізде мақта аз, ал әлемдік нарықта оның бағасы күрт өсті. Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы киімнің қымбаттауын осылай деп түсіндірді, деп жазады 24.kz.
Нарықтағы сұранысты бұрынғыдай импорттық өнімдер жауып отыр. Ал отандық тігін кәсіпорындары былтыр негізінен мемлекеттік тапсырыстарды орындаумен айналысқан.
«Жалпы, біздің елде өсірілетін мақта көлемі ішкі нарықты қамти алады. Бірақ оның барлығы дерлік экспортталатындықтан, өзімізге мақта жетпейді»,– дейді қауымдастық президенті Любовь Худова.
Ал қазақстандық тігін кәсіпорындарына кем дегенде 15-20 мың тонна мақта керек. Осы тұста, жүктемесін орындау үшін олар шикізатты сырттан сатып алуға мәжбүр. Ал әлемдік нарықта мақтаның бағасы орта есеппен 30%-ке өсті. Жүн мен полиэстерден жасалған маталардың да құны көтерілген. Соның салдарынан, импорттық киім қымбаттады.