Әскерге шақырылушыларды хабардар ету шақыру қағаздары 1414 қызметі арқылы SMS-хабарлама жіберу жолымен жүргізіледі.
ERNUR.KZ. Биыл 20 мыңнан астам азамат әскер қатарын толықтырады. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымов айтты, деп жазады inform.kz.
«Президенттің 2024 жылғы 1 ақпандағы №443 жарлығына сәйкес, 1 наурыздан жергілікті атқарушы орган әкімдері орынбасарларының басқаруымен қалалық және аудандық әскери қызметке шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі әскерге шақыруды бастады. 2024 жылдың 30 маусымына дейін Қарулы күштердің және өзге де әскерлер мен әскери құрамдардың қатарын әскерге шақыруға кейінгі қалдыруға немесе одан одан босатуға негізі жоқ 18-ден 27 жасқа дейінгі аралықтағы 20 мыңнан астам ер-азамат толықтырады. Оның ішінде Қарулы күштерге – 9 мыңнан астам, Ұлттық ұланға – 6 мыңнан астам, шекара қызметіне – 3 мыңға жуық, Төтенше жағдайлар министрлігі – 300-ден астам, мемлекеттік күзеті қызметіне 300-ге жуық адам шақырылады», - деді Азамат Досымов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Әскерге шақырылушыларды хабардар ету шақыру қағаздары 1414 қызметі арқылы SMS-хабарлама жіберу жолымен жүргізіледі.
Шақыру туралы ақпаратты қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің ресми әлеуметтік аккаунттары мен электрондық пошта жәшіктері арқылы алуға болады.