Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны көбейді

0
590

Өткен тәулікте ковидтік пневмония 4 адамда анықталған.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны көбейді

Соңғы бір тәулікте еліміз бойынша коронавирус пен ковидтік пневмониядан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық министрлігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, пандемия басталғалы Қазақстанда 108 901 адам коронавирустық инфекцияны жұқтырған. Науқастардың басым бөлігі жазылып шықты.
Қазіргі кезде 2 927 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде 2 103 пациент стационарда, 824 науқас амбулаториялық деңгейде ем-дом қабылдауда. 85 адам ауыр жағдайда, 12 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 13 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Соңғы бір тәуліктің ішінде ковидтік пневмония 4 адамда анықталса, 70 адамда коронавирустық инфекция табылды.