Індет жұқтырған 1704 адамның жағдайы ауыр.
30 тамызда, елімізде коронавирус пен пневмониядан 134 адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ресми дерекке сәйкес, оның 92-і КВИ-ден, 36-сы пневмониядан қайтқан.
1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 110 420 адам коронавирус инфекциясынан (–103 553+ және 6 867 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 744 пациент стационарда, 86 676 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 704 адамның жағдайы ауыр,
- 493 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 241 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.