Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 33 науқас қайтыс болды

0
378

Коронавирус жұқтырған 763 науқастың жағдайы ауыр.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 33 науқас қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 30 адам, коронавирустың белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды, деп хабарайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызмеіне сілтеме жасап.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясынан 3 668 адам, коронавирустың белгілері бар пневмониядан 764 адам көз жұмды.
30 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясы мен пневмониядан 42 730 адам ем қабылдап жатыр. Оның 15 207-і ауруханада, ал 27 523 науқас үйде емделуде.
COVID-19 пен пневмония жұқтырғандардың ішінде:
763 науқас ауыр жағдайда;
196 науқас аса ауыр жағдайда;
112 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.