Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қанша уақыт емделеді

0
1 288

Қауіпті вирус анықталған алғашқы адам Қазақстанға 9 наурызда келген.


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қанша уақыт емделеді

ERNUR.KZ. Коронавирустан қай кезеңде емделуге болады және зардап шеккен қазақстандықтарға ауруханада қанша уақыт болу керек? Бұл сұраққа Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Диас Ахметшәріп Qazaqstan телеарнасының эфирінде сөз сөйлеп, елдегі COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар туралы айтты.

Оның сөзінше, қауіпті вирус анықталған алғашқы адам Қазақстанға 9 наурызда келген. Науқас әлі күнге дейін емдеуде, қашан жазылып шығары белгісіз.

Жалпы ведомство өкілінің айтуынша, коронавирус салдарынан туындаған ауруды емдеуге екі жарым аптадан үш аптаға дейін уақыт керек.

Еске сала кетсек, бүгін Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды.

Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 36 адамға жетіп отыр.

Олардың 18-і Алматыда болса, 18-і Нұр-Сұлтанда.