Қазақстанда коронавирусты 3,5 мыңнан аса адам жұқтыруы мүмкін - министр

0
702

Сәуір айында эпидемия шарықтау шегінен өтеді.


Қазақстанда коронавирусты 3,5 мыңнан аса адам жұқтыруы мүмкін - министр

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирусты 3,5 мыңнан аса адам жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Хабар24.

"Өкінішке қарай, қазірдің өзінде елімізде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 300-ден асты. 8 науқастың жағдайы ауыр. Оның төртеуі жасанды демалу аппаратына қосылған. Отызының жағдайы орташа. 21 адам жазылып шықты. Біз барлық күшімізді коронавирус инфекциясын жоюға саламыз, - деп сендірді министр.

«Сәуір айында эпидемияның шарықтау шегінен өтеміз. Ары қарай инфекция тасымалдаушылар санын азайту мақсатында карантин шараларын жалғастыра береміз. Инфекцияның таралуын тоқтату мақсатында облыстық деңгейде, қалалық деңгейде карантин жариялануы мүмкін. Карантин жағдайында тек шетелдік азаматтар ғана сыртқа шыға алады және өзіміздің елдің азаматтары ғана елге кіре алады. Шетел азаматтары елге кіре алмайды. Әр өңірдің эпидемиологиялық жағдайына байланысты әкімдер шешім қабылдайды. Қазіргі заңнама бойынша, бұл шешімді облыстың не ауданның бас санитар дәрігері жариялайды», - деді ол.