Қазақстанда күн сайын бір бала жол апатынан көз жұмады

0
584

Жыл басынан бері елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 1046 жол-көлік оқиғасы тіркелген.


Қазақстанда күн сайын бір бала жол апатынан көз жұмады

ERNUR.KZ. Ведомствода өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің өкілі Қазақстанда күніне қанша баланы көлік қағып кететінін айтты, деп жазады zakon.kz.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Ақтоты Боранова жыл басынан бері елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 1046 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін атап өтті. Бұл жол-көлік оқиғаларында 72 бала қаза тауып, 1152-сі жарақат алған.
"Күн сайын жолдарда бір бала қаза тауып, 10-нан астам бала зардап шегеді. Олардың 67%-ы, яғни қайтыс болған балалардың жартысынан астамы жолаушылар. Қалған жағдайда жаяу жүргіншілер болған. Көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер көлікпен тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалдайды", – деді спикер.

ІІМ-нің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жылдамдықты арттыру, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығу, аударылып кету, жаяу жүргіншілерді қағып кету болып отыр.