Қазақстанда құс тұмауына қарсы вакцинация жүргізіледі

0
1 040

ҚР АШМ ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті вакцинациялауды бастау туралы шешім қабылдады.


Қазақстанда құс тұмауына қарсы вакцинация жүргізіледі

Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинация құс фабрикаларынан 20 шақырым радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


"Құс тұмауы қоздырғышын республиканың басқа өңірлеріне тарап кету қаупін болдырмау үшін ҚР АШМ ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының РФ шекаралас аудандарында, сондай-ақ Ақмола облысының кейбір ауданында вакцинациялауды бастау туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, құс тұмауына қарсы күрес стратегиясына сәйкес жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларынан 20 км радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жеке аулаларда үй құстарын вакцинациялау көзделген", - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске салайық, елімізде кешеден бастап Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев ауданынан тірі құс және инкубациялық жұмыртқа, мамық пен қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін, құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспаларын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құстарды күтіп-бағуға, союға және мүшелеуге арналған жабдықтарды шығаруға уақытша шектеулер енгізілді.