Қазақстанда локдаун жариялануы мүмкін бе

0
340

Соңғы аптада дельта штамның таралуы өткен аптаға қарағанда республиканың барлық өңірлерінде өсті.


Қазақстанда локдаун жариялануы мүмкін бе

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Қазақстанда локдаун жариялау ықтималдығы туралы пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біздің жұмыс тобымыз жалпы эпидемиологиялық ахуалға сәйкес болжамдарын жаңартуда. Келесі айдың ішінде науқастардың саны көбейеді деп есептеп отыр. Оның саны пессимистік сценарий бойынша қазіргі жағдайдан 2 есеге дейін көбеюі мүмкін. Өздеріңіз білесіздер, біз өз болжамдарымызды үш сценарий бойынша жасаймыз. Ең бірінші мақсатымыз – қазіргі қалалық ауруханаларда төсек-орын жүктемесін көбейтпеу», - деді вице-министр.

БАҚ өкілінің локдаун жариялау ықтималдығы туралы сауалына жауап берген ведомство өкілі қазір республика бойынша стационарлық төсектердің жүктелімі 37 пайызға жеткенін атады.

«Біз төсек жүктемесі бойынша ережелерден әлі бас тартып отырған жоқпыз. Сол ережені міндетті түрде сақтаймыз. Республика бойынша төсек орындардың 37 пайызы жүктелген. Өз баяндамамда айтып кеткендей, 70 пайызға жеткен мезгілде қосымша төсек орындарын ашамыз. Ал 70 пайыздан көтерілсе, сол кезде әрине ондай шешім қарастыру керек», - деді Марат Шоранов.

Оның айтуынша, соңғы аптада дельта штамның таралуы өткен аптаға қарағанда республиканың барлық өңірлерінде өсіп, сырқаттану көрсеткішінің өсімі 1,9 есе болған.