Қазақстанда мыңдаған жұмысшы жалақысын алмаған – үкімет қарыздың сомасын жариялады

0
682

Былтыр инспекторлар 7 мыңға жуық тексеру жұмыстарын жүргізіп, анықталған олқылықтарды жою бойынша 4 мыңнан аса нұсқама берді.


Қазақстанда мыңдаған жұмысшы жалақысын алмаған – үкімет қарыздың сомасын жариялады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 70-тен астам кәсіпорын мыңдаған жұмысшының жалақысын бермей жатыр. Осы нысандардың басым бөлігі банкрот болып қалған, деп жазады Sputnik Қазақстан.



Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде 31 кәсіпорынның 1,6 мың жұмысшы алдында берешегі бар. Қарыздың жалпы сомасы 700 млн теңгені құрайды. Жұмысшыларға қарыз болған қалған кәсіпорындардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында орналасқан. Бұдан бөлек, банкрот деп танылған 44 нысанның 913 млн теңге қарызы бар.
Былтыр инспекторлар 7 мыңға жуық тексеру жұмыстарын жүргізіп, анықталған олқылықтарды жою бойынша 4 мыңнан аса нұсқама берді. 400 млн теңгеден астам сомаға 2 400 айыппұл салынды.
Жылдың басында министрліктің ахуал орталығында 106 кәсіпорын мониторингте болған. Оның біразында еңбек даулары шешімін тауып, бақылауда 62-сі қалды. Әрбір үшіншісі Маңғыстау облысында тіркелген.
Республикалық кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мұндай жағдайлар көп жағдайда кәсіподағы жоқ мекемелерде болатынын алға тартты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобы алдағы үш жылға арналған жаңа құжаттың жобасын әзірледі. 10 тармақтан тұратын келісімде 2030 жылға дейінгі ''Еңбек қауіпсіздігі'' және ''Еңбек нарығын дамыту'' жөніндегі тұжырымдамаларда көрсетілген талаптарды ескерілген.