Оның үстіне киген жейдесі кішігірім дүрбелең туғызған.
ERNUR.KZ. Ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий шахматтан Алматыда өткен рапид бойынша әлем чемпионатында біртүрлі жағдайға тап болды, деп жазады zakon.kz.
Оның үстіне киген жейдесі кішігірім дүрбелең туғызған.
Сөйтсе ресейлік гроссмейстердің жейдесінде Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Мессидің 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Нидерландыны жеңгеннен кейін, тілшіге сұқбат беріп тұрып, қарсылас командасының шабуылшысы Ваут Вегхорстқа қарап сөйлеген сөзі жазылған екен.
Шахмат турнирінің ұйымдастырушылары міне, осындай күмәнді жейдені байқап, оны ауыстыруды талап еткен. Осыдан кейін орыс шахматшысы көпшілік алдында ақ көйлек киіп шықты.
Айта кетсек, Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша отандасымыз Динара Сәдуақасова күміс медаль иеленді. Мемлекет басшысы Динара Сәдуақасованы жеңісімен құттықтады.