Қазақстанда педагогикалық дипломы жоқ мамандарға да мектептерде сабақ өтуге рұқсат беріледі

0
494

Мектептерге мұғалім ретінде жоғары, бірақ педагогикалық білімі жоқ мамандарды тарту жоспарланып отыр.


Қазақстанда педагогикалық дипломы жоқ мамандарға да мектептерде сабақ өтуге рұқсат беріледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда мектепте балаларды жоғары білімді, бірақ педагогикалық дипломы жоқ мамандар да оқыта алады. Бұл кадр тапшылығы мәселесін шешеді деп болжанған. Бірақ маман балаларды оқытпас бұрын, арнайы дайындықтан өтуі қажет болады, деп жазады stan.kz.

Мектептерге мұғалім ретінде жоғары, бірақ педагогикалық білімі жоқ мамандарды тарту жоспарланып отыр. Ол үшін олар теория, практика және мектептегі оқытуды қамтитын бір жылдық курстардан өтіп, сәйкес сертификат алуы керек. Жаңа жүйе басты мәселе – еліміздегі ұстаз тапшылығын шешуге септігін тигізеді, дейді мамандар.

“Жоғары білімі бар және тиісті пәндер бойынша дайындалған мамандар ертеңгі күні жетіспейтін мұғалімдерді алмастыра алады. Бұл – бірінші мәселе. Екіншіден, басқа саладан мұғалімдердің келуі мектептегі кәсіби өмірді біршама әртараптандырады. Мұғалімдер өзара тәжірибеcін алмасады”, – дейді "Назарбаев зияткерлік мектебі" АҚ педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Қабдыкәримова.

Сарапшылар бұл әдіс сұранысқа ие болады деп есептейді, өйткені мұғалімдердің жалақысы қазір айтарлықтай жоғары. Сарапшылардың пікірінше, "сырттан кіру" жүйесі әртүрлі елде тек мектептерде ғана емес, университеттерде де қолданылады. Оқыту үшін үлкен білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар, өз ғимараттарын балаларға бере алатын белгілі мамандар тартылады.

“Балаларды дұрыс түсінуге, сыни тұрғыдан ойлауға, өзара әрекет етуге және алған білімін дұрыс қолдануға үйретуіміз керек. Тағы бір мәселе, бұл адамдар педагогиканы қаншалықты меңгереді. Педагогика мен коммуникацияны білу толыққанды дайындық болуы керек: жай ғана белгі үшін немесе жай сертификат үшін емес”, – деп түсіндіреді “Мирас” университетінің ректоры Нүркен Халықберген.

Мұғалімдер мектеп оқушыларымен жұмыс істеу кез келген адамның қолынан келе бермейтінін айтады. Мұғалімдерге қойылатын талап қашанда жоғары.

“Мектепте жұмыс істеймін деген адам моральдық-психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек. Түрлі жағдай тды, ол осы жағдайлардан шығудың жолын табуы керек”, – дейді №65 мектеп-гимназиясының орыс тілі мұғалімі Сәуле Үсенова.

Ата-аналар да жаңашылдыққа қарсы емес. Ең бастысы, оқудың балаларға пайдасы тисе екен, дейді олар. Әзірге "сырттан кіру" жүйесі НЗМ-де қолдану жоспарлануда. Бірақ, сарапшылардың айтуынша, бір жылдық оқуды аяқтап, сертификат алғаннан кейін орта мектептерге жұмысқа орналасуда еш қиындық болмайды.

Бұған дейін еліміздегі мұғалімдер енді оқулықтарды өздері таңдауы мүмкін екені хабарланған. Жаңа жүйені Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген. Еtandau.gov.kz электронды платформасы тек мұғалімдерге, мектеп директорларына, әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, кітапханашылар мен білім бөлімдеріне арналған. Платформа әр мұғалімге өзі дұрыс деп таныған оқулықты таңдауға мүмкіндік береді.