Қазақстанда полициядағы орта буын басшылары жаппай тексеріледі

0
602

​Былтыр күзде облыс орталығының бас полицейі қызметін атқарған Марат Күштібаевтың қызметін асыра пайдаланып, жұмыс кабинетінде зорлық жасаған болатын.


Қазақстанда полициядағы орта буын басшылары жаппай тексеріледі

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынған Талдықорған полиция басқармасының бастығына қатысты қозғалған іс бойынша пікір білдірді, деп жазады inform.kz.

Бүгін Сенатта тілшілер министрдің орынбасарынан осы істі тергеу барысы жайында сұрады.

«Істің қай сатыда екенін айта алмаймын. Тергеу жүріп жатыр, материал сотқа жіберілген кезде жарияланады», - деді И. Лепеха.

Сонымен қатар ол осы оқиғадан кейін министрлік құрылымында қандай шара қабылданғанын айтты.

«Осы мәселені ведомствоның алқа мәжілісінде қарап, жеке құраммен және полиция департаменттері өкілдерімен кездестік. Жеке құрам арасында тәртіпті күшейту шаралары үнемі қолданылып келеді. Соның бірі – аттестация. Жеке құраммен жұмыс істеуге бірінші кезекте жауапты орта буын басшыларын тексеріп, аттестациядан өткізіп, талапқа сай келмейтіндерін шығарамыз. Егер полицейлер заңсыз әрекеттерге барып жатса, онда өзіндік қауіпсіздік қызметі мен кадрлық бөлімшелер қызметкерлері осы адамдарды ертерек анықтамағын үшін жауап береді», - деді министрдің орынбасары.


Былтыр күзде облыс орталығының бас полицейі қызметін атқарған Марат Күштібаевтың қызметін асыра пайдаланып, жұмыс кабинетінде зорлық жасағаны жөнінде бұған дейін жазғанбыз. Осы оқиғаға бойынша жәбірленген адамның адвокаты Нұрлан Молбаев зорлықтың қалай жасалғанын айтып берді.

Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікпен ұсталған полицей қалалық мамандандырылған соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамалды.