Қаулы жобасы "Ашық үкімет" сайтында жарияланған.
ERNUR.KZ. Қазақстанда МИФИ Ұлттық зерттеу ядролық университетінің және И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалдарын ашу жоспарлануда, деп жазады inbusiness.kz.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында МИФИ филиалын және И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалын С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында ашу жоспарлануда
Профессор-оқытушылар құрамының кем дегенде 50%-ы "жетекші университеттерден" тартылады.
Қаулы жобасы "Ашық үкімет" сайтында жарияланған. Қоғамдық пікірлер 2022 жылдың 21 маусымына дейін қолжетімді.