Қазақстанда сарбаздарға араб тілін үйрену міндеттелмек

0
331

Бірер күн бұрын депутаттар Қазақстан мен Катар арасындағы әскери ынтымақтастықты реттейтін келісімді бекіту туралы заң жобасын талқылады.


Қазақстанда сарбаздарға араб тілін үйрену міндеттелмек

Фото: Қорғаныс министрлігі.

ERNUR.KZ. Қазақстан парламентінің сенаты Катармен келісімді бекіткеннен кейін отандық сарбаздарға араб тілін үйрену міндеттеледі, деп жазады stan.kz.

Бірер күн бұрын депутаттар Қазақстан мен Катар арасындағы әскери ынтымақтастықты реттейтін келісімді бекіту туралы заң жобасын талқылады. Құжатта әскери мүлік транзитінің, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ қаржыландырудың, әуе кеңістігін және әскери полигондарды пайдаланудың жаңа нормалары белгіленген.

Сонымен қатар келісімде қазақстандық сарбаздарға араб тілін үйрету де қарастырылған. Бұл сарбаздарымыздың Катар әскерилерімен өзара қарым-қатынасын жақсартуға септігін тигізеді.

Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың айуынша, енді қазақстандық сарбаздар төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және енді араб тілдерінде сөйлейді.