Қазақстанда симптомсыз коронавируспен аурғандарды есепке алатын топ құрылды

0
653

Қазіргі уақытта медицинада симптомсыз коронавирус инфекциясы өкпе қабынуының жеңіл түрі және өкпенің қабындау жеңіл түрі деп екіге бөлінеді.


Қазақстанда симптомсыз коронавируспен аурғандарды есепке алатын топ құрылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда симптомсыз коронавируспен аурғандарды есепке алатын топ құрылды. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Әлемдік статистикаға сәйкес, инфекция жұқтырғандардың шамамен 80 пайызы симптомсыз пациенттер, яғни, ешқандай симптомды сезінбейтін адамдар құрап отыр. Бүгінде бүкіл еліміз бойынша 465 ұтқыр топ құрылған. Амублаторлық буынның ұтқыр тобы міндетіне симптомсыз, аурудың жеңіл түрі бар пациенттерді толықтай есепке алу кіреді», - деді ол.


Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта медицинада симптомсыз коронавирус инфекциясы өкпе қабынуының жеңіл түрі және өкпенің қабындау жеңіл түрі деп екіге бөлінеді. Өкпе қабынуының жеңіл түрі кезінде өкпенің зақымданған аумағы 30 пайызға дейін жетеді және оны компьютерлік томография көмегімен анықтауға болады. Өкпе қабынуы жүрек-қан тамыры жүйесі, қант диабеті, семіздік сынды созылмалы аурулары бар пациенттерде кездеседі.


«Олар эндокринологтармен кеңесуі қажет. Біз олармен жұмыс тобын құру үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз. Оның құрамына аурудың ауыр түріне шалдыққан пациенттерге кеңес беру үшін эндокринолог, кардиолог, пульмонолог және амбулаторлық буынның өзге де бағыттарының мамандары кіреді», - деді Махаббат Бекбосынова.