​Қазақстанда сырттай оқу жалғасады

0
2 276

Қазақстандағы сырттай оқу түрі тоқтап қалмайды.


​Қазақстанда сырттай оқу жалғасады

ERNUR.KZ.Қазақстандағы сырттай оқу түрі тоқтап қалмайды, деп жазады ktk.kz.

Енді «part-time» жүйесі арқылы жоғары білім алуға болады. Бұл туралы ғылым және білім вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Естеріңізде болса, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде сырттай оқу түрі тоқтатылады деген хабар тараған еді.

Біз «part-time» институтының керек екенін көріп отырмыз. Әртүрлі себептермен осыған мұқтаж азаматтар бар. Бірақ бұл институт өзгертіледі. Қазір тиісті нормативтік-құқықтық база дайындалып жатыр. Бірнеше түзетулер енгіземіз. Ең бірінші, олар білім стандартына сәйкес бағдарламадағы кредиттер көлемінің 65% емес, 100% толық оқитын болады. Екіншіден, біз қашықтықта оқыту технологияларын қолданатын боламыз. Бұл үшін арнайы прокторинг жүйесін жасаумыз керек, – деді Аймағамбетов.

Вице-министрдің сөзінше, сырттай оқитын студенттер білімнің 65%, іштей оқитындар 100% меңгереді. Бірақ екеуі де бірдей дипломға қол жеткізеді. Түптеп келгенде нарық кімнің сырттай білім алғанын білмейтін көрінеді.

Дей тұрғанмен, әзірге ЖОО студенттерді дәстүрлі жүйе бойынша оқуға қабылдай алады. Бұрынғы норма 2017 жылда сақталып қалатынын атап өтті Асхат Аймағамбетов. Ал осы күнде аталмыш формада білім алып жатқан студенттер диплом алғанша оқуларын жалғастырады.