Қазақстанда тағы бір медбике коронавирус жұқтырды

0
2 550

Ол Қызылорда облысындағы вирус жұқтырған екінші адам.


Қазақстанда тағы бір медбике коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Қазақстанда екінші медициналық қызметкерден коронавирус анықталды. Ол инфекция жұқтырған әйел адамға күтім жасаған, деп жазады NUR.KZ.

Ол Қазақстанда коронавирус анықталған екінші медбике ғана емес, сонымен қатар Қызылорда облысындағы вирус жұқтырған екінші адам.

Ауру жұқтырған сәтте 1997 жылы туған медициналық қызметкер Қызылордадағы "Сенім" емханасында жұмыс істеген.

Қазіргі таңда оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Ауру белгілері де әлсіз. Жөтел және гипертермия жоқ, тыныс алу мүшелері қалыпты жұмыс істеуде. Бүгінде медбикемен байланыс жасаған адамдар тобы анықталуда. Қазіргі мәліметтерге сәйкес, медбике коронавирус расталған 65 жастағы пациентке күтім жасаған.

Ал ол 1 наурыз күні Оңтүстік Кореядан келген, содан кейін алдын-алу шарасы ретінде 14 наурызға дейін карантинге жатқызылды. Кейіннен үй карантиніне алынып, ақ халаттылар бақылап тұрады. Көп ұзамай 65 жастағы тұрғынның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болып, ауруханаға жеткізіледі. Бұл Қызылорда облысында инфекция жұқтырудың бірінші жағдайы болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында медициналық қызметкердің коронавирус анықталған еді.