"Қызыл" аймақта 11 өңір бар.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 11 шілдеде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қостанай облысы "қызыл" аймаққа енді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтқанда:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр;
"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр;
"Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.