Қазақстанда тәрбиешілер мен мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ке өседі

0
477

Министр бүгінде мұғалімдер үй-үйді аралаудан және міндетіне кірмейтін жұмыстардан босатылғанын атап өтті.


Қазақстанда тәрбиешілер мен мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ке өседі

ERNUR.KZ. Келесі жылы балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

"Жалақы біраз өсті. Ендігі жылы президенттің тапсырмасына сәйкес тағы 25%-ке процентке артады. Бізде көбіне жалақы көбейеді дегенде мектептегі мұғалімнің айлығы ғана өсетін сияқты болып қабылданады. Бірақ 2020 жылдан бастап жыл сайын, келесі жылы да, мұғалімдердің, балабақша тәрбиешілері мен қызметкерлерінің, колледж қызметкерлерінің, қосымша білімдегі педагогтердің жалақысы 25 пайызға өседі", – деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.

Министр бүгінде мұғалімдер үй-үйді аралаудан және міндетіне кірмейтін жұмыстардан босатылғанын атап өтті.

"Министрліктің бұйрығына сәйкес енді мұғалімдер күн сайын тек екі құжат қана толтырады. Біз сіздермен бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз", – деді ол.