Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізілетіні айтылды

0
583

Ұлттық төлем жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті нормативтік-құқықтық база әзірленді.


Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізілетіні айтылды

ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов ұлттық төлем жүйесі қашан іске қосылатынын айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық банк 2021 жылғы қарашада Ұлттық төлем жүйесінің компоненттері – карточкалық транзакцияларды өңдеу үшін төлем карточкаларының банкаралық жүйесін және мобильді онлайн төлемдерге қызмет көрсету үшін лездік төлемдер жүйесін пилоттық режимде іске қосты», - деді Ғалымжан Пірматов.

Оның атап өтуінше, ұлттық төлем жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті нормативтік-құқықтық база әзірленді. Жүйені толық көлемде іске қосу осы жылғы 1 шілдеге жоспарланып отыр.

«2021 жылы Ұлттық банк цифрлық теңгені енгізу жөніндегі пилоттық жобаға бастамашы болды. Қазіргі уақытта платформаның прототипін әзірлеу аяқталды. 2021 жылғы желтоқсанда пилоттық жобаның нәтижесі бойынша қорытынды баяндама жарияланды. Биыл пайда мен шығасыларды бағалай отырып, цифрлық теңгені енгізу моделі бойынша қорытынды шешім әзірленетін болады», - деді ҰБ төрағасы.