Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру ережелері өзгеруі мүмкін

0
409

Басып шығарылған электрондық анықтама заңды күшін жоғалтуы мүмкін.


Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру ережелері өзгеруі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру ережелері өзгеріс енгізілмек, деп жазады 24.kz.

Құжаттар тізіміне паспортты қосу ұсынылды. Жоба "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланды. Осы арқылы қоғамдық талқылау 10 қазанға дейін жалғасады.
Сондай-ақ сотталмағандығы туралы анықтама - қағаз түрінде және құзыретті органның уәкілетті қызметкерінің қолы мен мөрі арқылы расталуы тиіс.
Басып шығарылған электрондық анықтама заңды күшін жоғалтуы мүмкін. Қалған құжаттар жиынтығы өзгеріссіз қалады.