Қазақстанда үйді ипотекаға алушылар азайған

0
1 447

Биыл «Отбасы банктен» бөлек, ипотеканы қазақстандықтар өзге екінші деңгейлі банктерден рәсімдейтін болған.


Қазақстанда үйді ипотекаға алушылар азайған

ERNUR.KZ. Елімізде үйді ипотекаға алушылар азайды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының зерттеуіне сүйенсек, биыл жарты жылда қазақстандықтар 850 млрд теңгеге несие рәсімдеген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ал былтыр оның көлемі 1,1 трлн теңге болған еді. Яғни, 19,3 пайызға аз. Қауымдастық сарапшылары мұны «7-20-25» бағдарламасына бөлінген қаражаттың азаюымен әрі оны 4 тоқсанға бөліп тастаудың тиімсіздігімен байланыстырады.

Биыл «Отбасы банктен» бөлек, ипотеканы қазақстандықтар өзге екінші деңгейлі банктерден рәсімдейтін болған.