Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

0
968

Қазақстанда санақ бір рет қана, 2006-2007 жылдары өткізілген.


Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтетінін хабарлады. Санақты өткізу туралы Үкімет қаулысының жобасы мен шараның жоспары Ашық НҚА порталында жарияланды, деп жазады sputnik.kz.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңде өтеді:
2025 жылғы 1-31 тамыз аралығында интернет желісі арқылы онлайн режимде;
2025 жылғы 20 қыркүйек – 20 қазан аралығында планшет пайдаланып елді мекендерді аралау арқылы.
Санақ өткізудің мақсаты – аграрлық сектордың дамуына болжам жасау және ауыл шаруашылығы саласының қазіргі шынайы жағдайы туралы толыққанды ақпарат алу.
Еске салайық, үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстанды ауыл шаруашылығы санағын өткізу қажеттігін айтып, оған дайындықты биыл бастауды тапсырған еді.
Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы бір рет қана, 2006-2007 жылдары өткізілген. Бұл санақ екі кезеңде – өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы бойынша өткізіліп, 2,5 мың ауылдық елді мекендер мен кенттік округтер қамтылған болатын.
Құжат 5 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.