Қазақстанда ветеринарлық зертханаларда ПТР-тест өткізілмек

0
723

Министрлік 30 тамызда 20 ПТР-құрылғы мен 8 жылжылмалы зертхана сатып алмақ


Қазақстанда ветеринарлық зертханаларда ПТР-тест өткізілмек

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты анықтау бойынша ПТР-тест өткізуге ветеринарлық қызмет өкілдерін тартпақ. Бұл жайында ведомство басшысы Алексей Цой айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«1 тамыздан бастап ветеринарлық қызмет зертханаларын пайдаланамыз. Ветеринарлық қызметің 67 маманын тарту арқылы күніне 5200 зерттеу жүргізіледі. Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің зертханалары есебінен тестілеу көрсеткішін арттыру жоспарланып отыр», - деді министр Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, министрлік 30 тамызда 20 ПТР-құрылғы мен 8 жылжылмалы зертхана сатып алмақ. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында модульдік зертханалардың қуаты тәулігіне 8 мың тестке жеткізіледі. Министрдің айтуынша, 1 тамызда Ауыл шаруашылығы министрлігінің көмегімен тестілеу саны күніне 35,6 мыңға, қыркүйекте 64 мыңға жетпек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке тестілеу қуатын күніне 40 мыңға жеткізуді тапсырған.