Қазақстанда запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр

0
827

Олар заңнамада көрсетілген тәртіппен 24 ай әскери қызметін өтейді.


Қазақстанда запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңының 32-бабына сәйкес, запастағы офицерлерді қызметін өтеуге шақыру жоспарланып отыр, деп жазады zakon.kz.

Құжатта 2023 жылы әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің жалпы саны мен мемлекеттік органдардың атауы да көрсетілген. Олар заңнамада көрсетілген тәртіппен 24 ай әскери қызметін өтейді.

Әскери қызметке Қазақстан қарулы күштерінен 260, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінен 60, Төтенше жағдайлар министрлігінен 16, Ұлттық ұланнан 9 запастағы офицерді шақыру жоспарланып отыр.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» бөліміндегі «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 27 желтоқсанына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады.