Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға арналған сайт жұмысын бастады

0
2 550

Арнайы сайттың жұмысы туралы «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.


Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға арналған сайт жұмысын бастады

23 қаңтар күні сағат 9:00-ден бастап зейнетақының бір бөлігін алуға өтініш беретін enpf-otbasy.kz сайты іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арнайы сайттың жұмысы туралы кеше «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

«Бұл біздің БЖЗҚ-мен бірлесе жүзеге асырған, бір жыл бойы тер төккен жобамыз. Сондықтан платформаның атауына осы жобаға барынша атсалысқан екі органның атауын көрсетуді жөн көрдік», - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.

Жаңа сайттан азаматтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш тапсыра алады. Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында әзірге порталға Қазақстаннан тыс елден кіруге шектеу болады. Алдымен Қазақстан жерінде тіркелген ІР-адрестерге қызмет көрсетіледі.
Айта кетейік, зейнетақы қорындағы қаржысының бір бөлігін баспана алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе жеке қаржы компанияларына басқаруға бере алатын, қордағы жинағы жеткілікті шектен асып тұрған азаматтардың саны шамамен 761 мыңды құрайды. Тиісті заңға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 2 қаңтарында қол қойған болатын.